Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимур Жақсылықов ұлттық экономика бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Тимур Жақсылықов
Фото: primeminister.kz

Үкімет қаулысымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Тимур Жақсылықов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тарихшы мамандағы бойынша, Саяси зерттеулер институтын саяси ғылымдар және мемлекеттік басқару магистры, Қазақ экономика және қаржы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1985 жылы Шығыс Қазақстан геологиялық басқармасының 2-разрядты жұмысшысы болып бастаған.

1993-1997 жылдары — Қазақстан агротехнологиялық университетінің атқарушы ректоры;

1997-1998 жылдары — Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім басшысы; 

1998-2003 жылдары Президент әкімшілігінің құрылымында жұмыс істеген. 

2003-2004 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің ДСҰ-ға кіру жөніндегі департаментінің директоры;

2004-2005 жылдары — Индустрия және сауда министрлігінің Женева қаласындағы тұрақты өкілдігінде бөлім басшысы – ДСҰ мәселелері жөніндегі министрлік өкілдері тобының жетекшісі; 

2005 жылғы шілде-қараша аралығында — Сыртқы істер министрлігінің Швейцария Конфедерациясындағы тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы;

2005 жылғы қараша – 2006 жылғы ақпан аралығында "Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ басқарушы директоры;

2006 жылғы ақпан-қазан — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің "Экономикалық зерттеулер институты" РМК бас директорының міндетін атқарушы;

2006 жылғы қазан – 2007 жылғы қыркүйек аралығында "Астананы тұрақты дамыту орталығы" ЖШС директоры;

2007 жылғы қыркүйек – 2008 жылғы сәуір аралығында — Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры;

2008-2009 жылдары — Астана қаласы әкімінің орынбасары;

2009-2010 жылдары — Индустрия және сауда вице-министрі;

2010 жылғы сәуір-тамыз аралығында — Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің комитет төрағасы; 

2010-2012 жылдары — "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқарма төрағасы; 

2012-2013 жылдары — экономикалық даму және сауда вице-министрі; 

2013-2014 жылдары — экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;

2014-2017 жылдары — ұлттық экономика вице-министрі;

2017-2018 жылдары — Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі;

2018 жылғы қыркүйектен қарашаға дейін — президент көмекшісі болған.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап жаңа қызметіне дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі лауазымын атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899168-timur-zaqsylyqov-ulttyq-ekonomika-birinsi-vice-ministri-bolyp-tagaiyndaldy/

pixel