Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановтың кінәсі дәлелденсе, вице-премьер отставкаға кетуге дайын ба

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов
Фото: Facebook / Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов

Еліміздің вице-премьері Ералы Тоғжанов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету-кетпеуі туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2019 жылдың соңында президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметтегі басшыларды қоластындағы қызметкерлер сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған жағдайда отставкаға кетуге міндеттейтін заңға қол қойған болатын.

Тоғжанов бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың кінәсі дәлелденсе, отставкаға кету-кетпеуі туралы сұраққа жауап берді.

"Шешімді жоғары деңгейде қабылдаймыз. Бұл президенттің шешімі болады. Қазір бізге коронавирус проблемасын шешу қажет", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Айта кетсек, вице-премьер Ералы Тоғжанов коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны басқарады. Комиссия елдегі эпидемиологиялық жағдайды қадағалап отыру үшін құрылған болатын.

Тоғжанов жетекшілік ететін комиссияның міндетіне пандемия кезінде халыққа уақытында медициналық көмек көрсету, дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығын болдырмау, инфекциялық стационарлардағы төсек-орын қоры және өзге де мәселелерді шешу кірді. Ал ол кезде денсаулық сақтау министрлігін Елжан Біртанов басқарған болатын.

Еске салсақ, былтыр қарашада бұрынғы денсаулық министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынған еді. Бұл туралы қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті хабарлады.

Кейінірек экс-министр үйқамаққа алынды. 20 қаңтарда Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 28 ақпанға дейін ұзартылғаны белгілі болды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899741-birtanovtyn-kinasi-daleldense-vice-premer-otstavkaga-ketuge-daiyn-ba/

pixel