RU

Заңсыз саудамен күрес: Үкімет қаржы министрлігіне тапсырма берді

интернет сауда1
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін қаржы министрлігінің алқа мәжілісінде премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов заңсыз сауда айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Смайыловтың айтуынша, қаржы министрлігі алдында басымдықты транзиттік бағыттар бойынша кеден бекеттерін жаңғырту мен автоматтандыру, сондай-ақ кедендік рәсімдеу уақытын 5 есеге қысқарту міндеті тұр.

Сонымен қатар ол шекарада заңсыз тауар айналымына тосқауыл қоюға қатысты тапсырма берді.

"Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе наурыз айының соңына дейін шекарада заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимыл кешенді жоспары бойынша қадамдарды әзірлеп, Үкіметтің қарауына енгізуі керек", - деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді.

Шымкентте үкімет басшысына өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминалының құрылысы туралы баяндалды. Оны биыл қазан айында іске қосу көзделген. 

Асқар Мамин биыл пайдалануға беру жоспарланған Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы көлік жолайырығының құрылысын тексерді. 

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/1899831-zansyz-saudamen-kures-ukimet-qarzy-ministrligine-tapsyrma-berdi/