Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлия Назарбаева қазақстандықтарға бейнеүндеу жолдады (видео)

Опубликовано:

Әлия Назарбаева
Скриншот: Aliya Nazarbayeva / Facebook

"Жандану әлемі" қайырымдылық қорының әрі Әлеуметтік маңызды бастамаларды дамыту қорының негізін қалаушы Әлия Назарбаева ADAM BOL AWARDS марапатына қатысты Қазақстан халқына бейнеүндеу жолдады.

Қоғам қайраткері бейнеүндеуді өз Facebook парақшасында жария еткен.

"Құрметті достар! ADAM BOL AWARDS-қа дауыс беру аяқталуға жақын. Ертең, 20 ақпанда, ерлік көрсеткені үшін туыстары, достары мен көршілері ғана бұған дейін алғыс айтып келген еліміздің қаһармандарының есімдерін барлығымыз білетін боламыз, енді бүкіл ел оларға алғыс айта алады.

2021 жылы 1 наурызда Алматыда ADAM BOL AWARDS батырларын құрметтеу және марапаттау рәсімі өтеді. Біз сондай-ақ сарапшылармен және біздің командамен бірге лауреаттармен сөйлесуді, олардың әңгімелерін достық атмосферада тыңдауды және бәрімен алғыс айта отырып, қол алысуды жоспарлап отырмыз. Барлығына сәттілік тілеймін!", - деп жазған Әлия Назарбаева.

Бейнеүндеуінде Әлия Назарбаева елімізде ержүрек, мейірімді әрі қашан да көмекке әзір жандар көп екенін айтып, бұл жүлдені қазақстандықтардың жылы қабылдағанын сөз еткен.

Еске салсақ, бұған дейін Әлия Назарбаева анасы туралы әсерлі жазба жариялаған еді.

"Ана кез келген жан үшін ең бірінші, ең маңызды адам. Ана жүрегі - қуаныш пен шабыт көзі. Аналарымыз жанымызда болғанда біз бала болып қала береміз. Бүгін біздің отбасымызда - мереке, менің сүйікті анамның туған күні. Шын жүректен құттықтаймын", - деп жазды Әлия Назарбаева.

Ол анасы үлес қосқан жобалар арқасында көптеген адамның өмірі жақсы жаққа өзгергенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1899839-aliya-nazarbaeva-qazaqstandyqtarga-beineundeu-zoldady-video/

pixel