Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты сот қайта басталды

Жарияланған күні:

Нұрлан Таубаев
Фото: Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа қатысты сот отырысы қайта басталды деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы.

Жалпы сот процесі өткен жылдың желтоқсан айында басталған еді. Бірақ алдын ала тыңдау кезінде судья Зарема Хамидуллина тергеу барысында процессуалдық қателіктер жіберілді деп санап, қылмыстық істі прокуратураға қайтарып берген болатын.

Прокуратура бұл шешіммен келіспей, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасына апелляциялық шағым түсірді. Алқа прокуратура пайдасына шешім шығарды.

Осылайша, 23 ақпанда сот басталып, судья қылмыстық істі алдын ала тыңдау кезеңінен негізгі сот талқылауы кезеңіне өтуі керек деп шешкен.

Онда айыптаушы мен қорғаушы тараптар Таубаев пен Басаровтың кінәлі не кінәсіз екендігі туралы өз дәлелдерін ұсынуы керек. Ал бұрынғы шенеуніктерге қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалған.

Негізгі сот отырысы наурыз айында басталады.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровтың 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынғаны хабарланған еді.

Кейінірек, Таубаев пен Басаровтың екі айға қамауға алынғаны хабарланды.

Сондай-ақ Нұрлан Таубаев өзінің ұсталуына қатысты пікір білдірді. Оқиғаның барысы сипатталған хатты оның қорғаушысы Игорь Вранчев жария етті.

Экс-шенеунік хатында өзінің кінәсіз екенін дәлелдеу үшін барын салатынын, тіпті президентке дейін жүгінетінін атап өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900393-atyrauda-oblys-akiminin-buryngy-birinsi-orynbasaryna-qatysty-sot-qaita-bastaldy/