Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының әкімі жалақысының мөлшерін жария етті

Опубликовано:

Әбілқайыр Сқақов
Әбілқайыр Сқақов. Фото: instagram.com/skakov_abylkair

Бүгін журналистермен кездескен Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов өзінің жалақысына қатысты сұраққа жауап берді. Облыс әкімінің айтуынша, мемлекеттік қызметкерлердің айлығы бірнеше факторларға байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистермен кездесу ресми түрде өтпеген. Павлодар облысының әкімі жұмыс бағыттары, қол жеткізген көрсеткіштер, сондай-ақ болашаққа жоспарлары туралы айтқан.

Журналистер өз кезегінде өңір басшысына бірнеше сауал қойған. Соның ішінде әкімнің жалақысына қатысты сұрақ қойылды.

"Кез келген мемлекеттік қызметкердің жалақысы еңбек өтіліне, қызмет өткерген жылдарына және басқа да факторларға байланысты. Менің жалақым 784 мың теңгені құрайды. Менің орынбасарларым орташа есеппен 520-540 мың теңге алады", - дейді Әбілқайыр Сқақов.

Еске сала кетсек, мәжіліс депутаты Айбек Паяев Қазақстанда жалақының төмендігіне байланысты пікір білдірген еді.

Айтуынша, 2021 жылдың басындағы жағдай бойынша Picodi халықаралық қызметінің сарапшылары әлемдегі 56 елдің ішінде ең төменгі жалақы Қазақстанда екенін атап өткен.

"Сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты, 2020 жылмен салыстырғанда, Қазақстанның ең төменгі жалақы азайған бірден бір елге айналғаны факт. Бізден кейін Нигерия мен Өзбекстан тұр", – деді мәжіліс депутаты.

Ол номиналды ең төменгі еңбекақы Қазақстанда өзгермегенін және 42 500 теңге екенін еске салды. Алайда сақтандыру жарналарының өсуіне байланысты нақты жалақы былтырғыдан азайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900692-pavlodar-oblysynyn-akimi-zalaqysynyn-molserin-zariya-etti/

pixel