Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қарызына миллиард доллар салды

Опубликовано:

доллар
Көрнекі фото: crimea.ria.ru

Ресейдің Орталық банкі желтоқсанда АҚШ-тың мемлекеттік облигацияларына инвестицияны бірден миллиард долларға арттырды. Алайда соңғы жылдары Мәскеу бұл бағалы қағаздардан жүйелі түрде құтылып келе жатқан болатын. Олардың резервтегі үлесі 1 проценттен сәл асады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

АҚШ қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Ресейде 6,011 миллиард долларды құрайтын АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары бар: оның ішінде 1,2 миллиарды ұзақ мерзімді және 4,8 миллиарды қысқа мерзімді. Желтоқсанда облигациялар қоры тағы бір миллиард долларға толықты.

Осы бағалы қағаздарды сату арқылы АҚШ үкіметі бюджет тапшылығын және басқа шығындарды жабады. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы шамамен 28 триллион долларға жетті.

2010-2013 жылдары ресейлік салымдар 170 миллиардтан асты. Мәскеу ең ірі трежерис ұстаушылардың бірі болды. Бірақ 2014 жылдың сәуірінде Вашингтон санкциялар енгізгеннен кейін олардан құтыла бастады.

2018 жылы Орталық банк жаппай сатылым өткізіп, АҚШ қазынашылық портфелін бірден екі есеге қысқартты. Халықаралық резервтердегі америкалық бағалы қағаздардың үлесі төмендеді. Орталық банк қаражатты алтынға, сондай-ақ еуро мен юаньға бағыттады.

Американың мемлекеттік қарызы АҚШ қаржы министрлігі шығаратын бағалы қағаздармен өлшенеді. Жеке және заңды тұлғалар, белгілі бір штаттар мен мемлекеттердің биліктері вексельдер мен мемлекеттік облигацияларды сатып ала алады. Бұл бағалы қағаздардан түсетін пайда үлкен емес. Шамамен 2,5-3 процент аралығында. Бірақ еуропалық немесе жапондық қарыз бойынша кіріс іс жүзінде нөлге тең.

Алайда АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары әлемдегі ең сенімді және өтімді құралдардың бірі болып саналады. Оларды сатып алу және сату оңай.

"Уақытша бос қаражатты АҚШ-тың мемлекеттік қарызына салу тиімді. Мәселе миллиардтарда болғанда жылдық 2-3 процент өте көп ақша болады. Мұндай жағдайда саясат экономикалық шешімдерге әсер етпеуі керек", - деді Мемлекеттік думаның қаржы нарығы жөніндегі комитетінің мүшесі Дмитрий Скриванов РИА Новостиге берген сұқбатында.

Осылайша, трежерис көлемін ұлғайту арқылы Мәскеу өзінің нарықта бар екенін көрсетті. Бұл халықаралық резервтерді әртараптандыру үшін де қажет. Қазір Ресейде 590 миллиард доллар бар болса, оның алты миллиарды АҚШ-тың мемлекеттік қарызына салынған. Сарапшылар мұны Мәскеу әлемдік үрдісті ұстанып отыр деп түсіндіреді. Долларға деген сұраныс артып жатыр. Себебі, бұл валютаға құбылмалылық пен инфляция қатты әсер етпейді.

"Бір миллиард доллар өте қомақты сома. Оны шектеулі активтер жиынтығына салуға болады. Алтын аспандап кетті, еуро мен юаньдегі резервтердің үлесі онсыз да жоғары. Америкалық мемлекеттік қарызды сатып алу – бұл әртараптандыру элементі", - дейді Ресей-Азия өнеркәсіп иелері мен кәсіпкерлер одағының президенті Виталий Манкевич.

Желтоқсан айының соңындағы мәлімет бойынша АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарының ірі қолданушысы Жапония (1,2 триллион доллар) екені белгілі болды. Бұрын бұл тізімде Қытай көш бастап тұрса, қазір Бейжіңнің үлесінде 1,06 триллион доллар бар. Сондай-ақ, Ұлыбритания 428,9 миллиард доллармен алғашқы үштікке енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1900718-resei-aqs-tyn-memlekettik-qaryzyna-milliard-dollar-saldy/