Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Артур Платонов жаңа қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Артур Платонов
Артур Платонов. Фото: parlam.kz

Артур Платонов "Nur Otan" партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Бауыржан Байбек мәлімдеді.

"Партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Артур Платонов "Nur Otan"-ның партиялық бақылау комитетінің төрағасы болып тағайындалды", – деп жазды "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Оған қоса, Бауыржан Байбек мәжіліс төрағасының орынбасары болып сайланған комитеттің бұрынғы басшысы Павел Олегович Казанцевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар Платоновтың тәжірибесі комитет қызметін нығайтуға көмектесетініне сенім білдірді.

"Артур Станиславовичтің қоғамдық және партиялық жұмыста жинақтаған мол тәжірибесі комитет қызметін күшейте түсуге мүмкіндік беретініне сенімдімін", – дейді Бауыржан Байбек.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеуовті президент көмекшісі қызметінен босатып, президент әкімшілігі басшысының орынбасары етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Сондай-ақ үкімет қаулысымен Әлібек Сәкенұлы Қуантыров ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалғаны туралы жазған едік.

Ол бұған дейін Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901013-artur-platonov-zana-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel