Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кетпегенде не істеуі керек": Тоғжанов солтүстікке қоныс аударушылардың мәселесін көтерді

Опубликовано:

Ералы Тоғжанов 1
Ералы Тоғжанов. Фото: Орталық коммуникациялар қызмет

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов еңбек министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, адамдарды оңтүстіктен солтүстікке көшіру тетіктерін қайта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Еңбек министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Тоғжанов "Еңбек" бағдарламасының іске асырылуына қатысты бірқатар ескерту жасады.

Айтуынша, оңтүстік өңірлерден солтүстікке қоныс аудару тетіктері әлі де әлсіз. Әсіресе, баспана, жер беру, жұмысқа орналастыру мәселелері халықты қанағаттандырмайды.

"Солтүстікке қоныс аударушылар саны әлі де тым аз. Мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындарынан кейін азаматтарды тұрақты жұмыс орындарына орналастыру деңгейі төмен. Әртүрлі әңгіме айтылып жүр: адамдар солтүстікке барғанннан кейін субсидия алады, субсидия уақыты аяқталғаннан кейін, кетіп қалады дейді. Кетпегенде, ол не істеуі керек? Егер субсидия біткеннен кейін қаржы деңгейі төмен түссе", – деді вице-премьер.

Тоғжанов бұл мәселеде жұмыс берушілердің құлықты емес екендігін ашып айтты.

"Негізгі мақсат азаматтардың барлығын тұрақты жұмысқа тұрғызу болатын. Сондықтан оған тікелей жұмыс берушілер де жауап беруі керек", – деген вице-премьер жергілікті жердегі шенеуніктер де осыған жауапты болуы керек екенін атап өтті.

Тоғжанов еңбек министрі Серік Шәпкеновке барлық мәселені ескеріп, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару тетіктерін қайта қарастыруды тапсырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901044-ketpegende-ne-isteui-kerek-togzanov-soltustikke-qonys-audarusylardyn-maselesin-koterdi/

pixel