Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында пара алған аудан әкімінің орынбасары 28 млн теңге айыппұл арқалады

Жарияланған күні:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте өткен онлайн-брифингте пара алды деп күдіктелген Ақмола облысындағы аудан әкімінің орынбасарына қатысты сот шешімі хабарланды. Сот күдіктіге 28 млн теңге айыппұл салған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сот шешімі 23 ақпанда оқылған. Аршалы аудандық сотының үкімімен Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Сабыровқа 28 млн теңге айыппұл салынған.

Сондай-ақ аудандық қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы Оспановқа да 28 млн теңге айыппұл салынған.

"Олар кәсіпкерлік субъектілерінен 2 жер учаскесі бойынша жер пайдалану құқығын беру туралы жер комиссиясының оң шешімін шығару үшін алдын ала келісілген 800 мың теңгенің бір бөлігі, яғни 400 мың теңгесін алды деген күдікке ілінді", - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Данияр Бекайдаров.

Еске сала кетейік, Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсабеков пара алды деген күдікпен ұсталды.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстанда шенеунік туысы арқылы пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, шенеунік аумақтық инспекцияның бас маманы лауазымына азаматты жұмысқа орналастырғаны және делдалдық жасап, қамқорлық танытқаны үшін өз туысы арқылы пара алды деп айыпталуда.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралып жатыр.

"Қылмыстың басты себебі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті жұмыстардың жүргізілмеуі болды", - дейді өңірлік сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901094-aqmola-oblysynda-para-algan-audan-akiminin-orynbasary-28-mln-tenge-aiyppul-arqalady/