Мәдениет және спорт вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды
Жарияланған күні:
Онлайн-брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәдениет және спорт вице-министріне қатысты тергеу басталғандығы туралы хабарлады. Ол пара алды деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Өздеріңізге белгілі, мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу жүргізіліп жатыр. Ол заңды тұлғаның құрылтайшыларынан букмекерлік кеңсе мен жалпы патронат саласындағы мүдделерді лоббилеу үшін пара алды деп күдіктелуде.
Соттың мақұлдауымен пара алушы мен пара беруші ұсталды", – деді сыбайлас жемқорлық қарсы қызмет вице-министр Сәкен Мұсайбековтің қамауға алынуы туралы сұраққа жауап бере отырып.
Еске сала кетейік, бұған дейін оның ұсталғаны туралы ақпарат мессенджерлерде таратылғанымен, алайда ведомстволар бұл фактіні растаған жоқ.
Оған қоса, Шығыс Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясы қызметкеріне қатысты сотта қаралып жатқан қылмыстық іс туралы айтты.
Айта кеткен жөн, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы ішкі істер бөлімі басшысының ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді.
Желіде тараған ақпаратта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікпен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығын ұстағаны айтылған.
"Мен бұл ақпаратты растай да, теріске шығара да алмаймын. Ресми ақпарат шығуы керек", - дейді БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1901089-madeniet-zane-sport-vice-ministri-para-aldy-degen-kudikpen-ustaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.