Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Жапаров наурыз айының басында Қазақстанда кездеспек

Опубликовано:

Садыр Жапаров11
Фото: kg.akipress.org

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров наурыз айының басында Қазақстанға ресми сапармен келмек. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі Telegram парақшасында хабарлады.

" 2021 жылғы 2-3 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған.

Сонымен қатар Қырғыз Республикасының президенті Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Садыр Жапаровтан айнымайтын тараздық жігіт жайлы жазған едік.

Асқар Байділдә бүгінде Қырғызстандағы медициналық академияда білім алуда. Оның айтуынша, Садыр Жапаровпен ұқсастығы жайыл қырғыз еліне табаны тигеннен бастап айтыла бастаған.

"Ол президент болғанда маған көшеде, қоғамдық орындарда таң қалып қарайтын болды. Мұндай кезде өзімді ыңғайсыз сезініп қаламын. Бәлкім, сырт келбетім дұрыс болмай тұрған шығар деп те ойлаймын. Ал кей адамдар шыдамай, Жапаровпен туыстық қатынасым бар-жоғын сұрайды", - дейді ол.

Асқардың сөзінше, курстастары, тіпті оның суретін көрген қырғыз басшысының жұбайы да Жапаровқа ұқсайтынын айтқан.

Асқардың болашақта сәті түссе, Қырғызстан президентімен кездессем деген тілегі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1901186-toqaev-pen-zaparov-nauryz-aiynyn-basynda-qazaqstanda-kezdespek/

pixel