Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еңбегіңіз үшін алғыс айтамын": Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мұғаліміне хат жазды

Опубликовано:

Тоқаев1
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үштөбеде тұратын білім саласының ардагерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты.

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы мектепке барып, ардагер ұстаз Валентина Спиридоноваға ел президентінің 8 наурыз мерекесіне орай жолдаған құттықтау хатын жеткізді.

"Құрметті Валентина Григорьевна! Сізді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Осы бір көктемнің көрікті де шуақты күнінде қайырымдылығыңыз, түсіністігіңіз және жемісті еңбегіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Әрбір атқан таң Сізге және сіздің жақындарыңызға мейірім, сүйіспеншілік пен жан жылуын сыйласын. Сізге Зор денсаулық, мол бақыт тілеймін!", - делінген құттықтауда.

Валентина Спиридонова өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірген.

"Уақытының тығыз болғанына қарамастан, ұстазын, туған мектебін ұмытпайтын Қазақстан Республикасының Президентіне зор алғысымды айтамын. Мен бүкіл өмірін жастарды тәрбиелеуге арнаған ауыл мұғалімімін. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың мені ұмытпағанына қуаныштымын. Адамгершілік тұрғысынан шексіз ризашылығымды білдіремін. Қазақстанымыз көркейіп, гүлдене берсін, -  дейді ардагер ұстаз.

Валентина Спиридонова мен Амандық Баталов
Валентина Спиридонова мен Амандық Баталов. Фото: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты

Айта кетсек, Спиридонова Валентина Григорьевна білім беру саласында 1963 жылдан бері еңбек етеді.

1995-2009 жылдары Кемел Тоқаев атындағы мектептің директоры болды.

2009 жылдан бастап Кемел Тоқаев атындағы қайырымдылық қорын басқарады.

Кәсіби жетістіктері үшін "Қазақстан Республикасының білім беру саласының үздігі", "ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері", "Ыбырай Алтынсарин", "Алтын барыс" төсбелгілерімен, ҚР Президентінің, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, "Шапағат" медалімен және басқа да бірқатар мерекелік медельдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1902324-enbeginiz-usin-algys-aitamyn-qasym-zomart-toqaev-auyl-mugalimine-xat-zazdy/

pixel