Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Бекбол Орынбасаров
Бекбол Орынбасаров. Фото: instagram.com/akimat_mangystau

Маңғыстау облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Бекбол Орынбасаров келді деп хабарлайды ведомство Instagram парақшасында.

Әкімдіктің баспасөз қызметі президент әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Орынбасаров Бекбол Тілеумұратұлы тағайындалғанын хабарлады.

Бекбол Тілеумұратұлы 1971 жылы Маңғыстау облысында туған. Білімі жоғары.

1993 жылы әль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде, 1998 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетінде, 2011 жылы Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алған.

Еңбек жолын Маңғыстау облысының кеден басқармасының "Баутино" кеден бекетінің инспекторы қызметінен бастаған. Мұнай, банк, салық, қаржы секторында түрлі қызметтерді атқарған. Кейінгі жылдары Ақтау қаласының әкімдігінде жұмыс істеген.

2006 жылы Ақтау қаласы әкімінің орынбасары, 2008 жылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде басқарма басшысы қызметтерін атқарған.

2019 жылдан жаңа қызметіне дейін "Ақтау теңіз порты" Арнайы экономикалық аймақ АҚ-ның басқарма төрағасы болған.

Бекбол Тілеумұратұлы өңір басшысының орынбасары қызметінде облыстағы энергетика, жер, табиғатты пайдалану, төтенше жағдайлар, ауыл шаруашылығы және ветеринария салаларына жетекшілік етеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1902557-mangystau-oblysy-akiminin-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel