Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джо Байден Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тілеп, жеделхат жолдады

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Frederick M. Brown/Getty Images

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Наурыз мерекесіне орай Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байденнің құттықтау жеделхаты келіп түсті деп хабарлайды Ақорда.

"Биыл Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеді. Сізді осы атаулы оқиғамен құттықтай отырып, АҚШ Президентінің Әкімшілігі Өзіңізбен және Қазақстан халқымен етене жұмыс істеуге зор мән беретінін айтқым келеді.
Ұзақ жылдар бойы біз ядролық қаруды таратпау, бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту бағытындағы тығыз серіктесті қолдап келеміз.
Менің Әкімшілігім стратегиялық серіктестігімізді тереңдетуге және бұдан 5 жыл бұрын Мемлекеттік хатшы Джон Керридің қатысуымен басталған "С5+1" диалог процесін жалғастыруға мүдделі", – деп жазылған жеделхатта.

Наурыз мерекесі қарсаңында Джо Байден Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстан халқына бейбітшілік пен құт-береке тіледі.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің биылғы қаңтар-ақпан айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және елдегі санитарлық-эпидемиялық ахуал туралы есеп берілді.

Кездесуде елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай талқыланды. Премьер-министрдің айтуынша, жағдай бақылауда: республика бойынша вирустың арту көрсеткіші 0,9-ды құрайды, жұқпалы ауруханалардағы төсек орын 23 пайызға, жан сақтау бөлімшелеріндегі орындар 16 пайызға толған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1903099-aqs-prezidenti-dzo-baiden-qazaqstan-xalqyna-beibitsilik-pen-qut-bereke-tiledi/

pixel