Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында құрылған жаңа аудан туралы не білеміз

Опубликовано:

Түркістан1
Фото: Түркістан қаласының әкімдігі

Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы құрылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды. Осыған байланысты өңірлік әкімдіктің ресми сайты жаңа аудан туралы мәлімет берді.

Апталық аппарат отырысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев түркістандықтарды тарихи оқиғамен құттықтады.

Оның сөзінше, жаңа ауданның құрылуына байланысты атқарылатын барлық іс-шаралардың жүзеге асуымен арнайы комиссия айналысады. 

"Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Түркістан облысында жаңа Сауран ауданы құрылды. Әкімшілік орталығы - Шорнақ ауылы болады. Оған Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері кіретін болады. Сондықтан бүгін тарихи күн. Біз осыған байланысты тез арада барлық шараларды жүзеге асыруымыз керек", - дейді Өмірзақ Шөкеев.

Әкімдіктің мәліметінше, Шорнақ ауылы Түркістан қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде мұнда 12 мың халық тұрады.

Жаңадан құрылған аудан халқының саны 100 мыңнан асады деп жоспарлануда.

Ауданның жалпы көлемі 12 ауылдық округ пен әкімшілік орталығын қоса алғанда 650 мың гектар жерді құрайды.

Ведомство ұлт руханиятында киелі ұғымға айналған "Сауран" атауының Түркістан облысында құрылған жаңа ауданға берілуі негізді екенін атап өтті.

Себебі бұл атау ежелгі Түркістан ұғымымен тығыз байланысты. Жалпы Сауран – XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған қала. Шаһар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. XIII ғасырдың орта шегінде Ақ Орданың астанасы болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1903379-turkistan-oblysynda-qurylgan-zana-audan-turaly-ne-bilemiz/

pixel