Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұнай бағасы күрт төмендеп кетті

Опубликовано:

Мұнай
Көрнекі фото: pixabay.com

Brent маркалы мұнайдың бағасы 11 ақпаннан бері алғаш рет барреліне 62 доллардан төмендеп, әлемдік баға 9 пайызға дейін құлдырады деп хабарлайды Прайм агенттігі Риа Новостиге сілтеме жасап.

Солтүстік теңіз мұнай қоспасының Brent маркасына мамыр айындағы фьючерстерінің бағасы 9,07 пайызға төмендеп, 61,83 долларды құрады. WTI үшін сәуір фьючерстерінің құны 9,15 пайызға арзандап, баррелі 58,69 долларды құрады.

Мұнайдың әлемдік бағасы бейсенбі күні кешке қыза түскен нарыққа енгізілген түзетуден кейін төмендеген.

Алайда қазіргі баға ұсыныстарына қатысты Fitch табиғи ресурстар мен шикізат тауарлары тобы агенттігінің директоры Дмитрий Маринченко айтарлықтай құлдырау күтілмейтінін жеткізлі.

Оның түсіндіруінше, нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі айтарлықтай өзгерген жоқ.

"Біздің бағалауымыз бойынша Иран тарапынан өндірістің өсуіне қарамастан нарықта тапшылық сезіледі. Ал бұл тапшылық бағаға қолдау болғанымен, 2020 жылдың екінші тоқсанында қалыптасқан жағдай сияқты қатты құлдырауды күтпейміз. Қазіргі динамиканы қыза түскен нарықтағы бағаны түзету деп санауға болады", – деді сарапшы.

Fitch мамандары Brent маркалы мұнайдың орташа жылдық бағасы ағымдағы жылы барреліне 58 доллар болады деп болжайды, деп еске салды Маринченко.

50-60 АҚШ доллары шамасындағы бағаны екінші жартыжылдықта, яғни ОПЕК+ өндірісті ұлғайта бастаған сәтте байқалуы мүмкін.

Наурызда өткен кездесу кезінде ОПЕК+ күтпеген жерден барлық елдер үшін мұнай өндірудің ағымдағы деңгейін ұстап тұруға шешім қабылдады. Сонымен бірге Ресей үшін өндірісті сәуірде тәулігіне 130 мың баррельге, ал Қазақстан үшін – 20 мыңға көбейту келісілді.

Айта кетейік, ОПЕК+ министрлер мониторингі комитетінің (JMMC) келесі кездесуі 31 наурызда, ОПЕК+ альянсының отырысы аясында 1 сәуірде өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1904083-munai-bagasy-kurt-tomendep-ketti/

pixel