Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент үкіметке азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды

Опубликовано:

Дүкен
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысы Асқар Маминді қабылдап, азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында премьер-министр елімізде цифрлық платформа құру туралы президенттің берген тапсырмасының орындалу барысы жайында баяндады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мұқтаж азаматтарды сапалы баспанамен барынша қамтамасыз ету мақсатында үкіметке "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын толыққанды іске асыруға қатысты проблемаларды шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.

Тоқаев пен Мамин
Тоқаев пен Мамин. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының сөзінше, үкімет жергілікті маңызы бар жоғары сапалы жолдарды жөндеу және салу мәселелерімен айналысуы керек.

Азаматтарға вакцина салуды ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету және биылғы белгіленген шекке (6 млн адам) қол жеткізу мәселесі де өзекті.

Сондай-ақ президент үкімет пен облыс әкімдеріне азық-түлік бағасының одан әрі өсуіне жол бермеу үшін бақылауды күшейтуді тапсырды.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойған еді.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясы 2021 жылғы 28 сәуір күні Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев орталығында "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының жиырма тоғызыншы сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын", - делінген құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1904630-prezident-ukimetke-azyq-tulik-bagasynyn-osuine-zol-bermeu-usin-baqylaudy-kuseitudi-tapsyrdy/

pixel