Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда биржаға деген көзқарас өзгерді

Опубликовано:

Биржа
Көрнекі фото: piqsels.com

Пандемияға байланысты бүкіл әлемде іскерлік белсенділік төмендесе, Қырғыз қор биржасында құнды қағаздар саудасының көлемі артып келеді деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы.

Бұған елдің Еуразиялық экономикалық одағына мүше болуы да әсер етсе керек. Одаққа кіретін мемлекеттердің кәсіпкерлері Қырғызстанға инвестиция құюға мүдделі.

Қор биржасы мен Қырғызстан бүгінге дейін қабыспай келген ұғым секілді еді. Енді дұрыс қой. Шет ел инвесторлары жергілікті кәсіпорындарға аса қызығушылық танытпады. Демек, активтері де жоғары бағаланбай келді. Енді көзқарас өзгеретін секілді. Қырғыз кәсіпорындарын қазіргі нарыққа бейімдеу, бәсекелестікке икемдеу жоспары жүзеге асырылады. Жұмысы жүріп кетсе, акцияларын жоғары бағамен сата алады. Экономикаға қан жүгірту деген сол. Қырғыз нарығын игеруге Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері білек сыбануы мүмкін. Еуразиялық Экономикалық Одақ сондай қадамға баруға мүмкіндік береді.

"Қазір Еуразиялық экономикалық Одаққа мүше елдермен өзара экономикалық байланысты нығайту маңызды. Қырғыз қор биржасының міндеті – отандық компанияларға капитал тарту. Соңғы жылдары биржада сауда көлемі артқанын байқап отырмыз. Мысалы, өткен жылы 12 миллиард сомды құрады. Бұл бизнес қаржы нарығына түсіністікпен қарап, инвестиция тарту үшін акция мен облигацияны жиі шығара бастағанын көрсетеді", – дейді Қырғыз қор биржасының президенті Медет Назаралиев.

Коронавирус пандемиясы инвесторлардың қор нарығына көзқарасын өзгертті. Айналымында тек тексерілген құнды қағаздар жүретіндіктен, қызуғышылығы артты. Ал Қырғыз қор биржасы олардың сеніміне ие болып, активтерін жергілікті депозитарийде сақтайтын болды.

"Соңғы екі-үш жылда тұтынушылар жергілікті құнды қағаздармен қатар шетелдік акциялар мен облигацияларды да сақтай бастады. Бұл құнды қағаздардың мемлекетаралық саудасын жүргізетін мекеме ретінде Орталық депозитарийге сенімі жоғары екенін көрестіп отыр", – деді орталық депозитарий президенті Азиза Юлдашева.

Қор нарығының дамуы жергілікті кәсіпкерлерге де тиімді. Инвесторларды табуға уақыт көп кетеді, ал қаражат қазір қажет. Қаржы саласының мамандары орта бизнес қымбат несие алудан гөрі акция немесе облигация шығаруына болар еді дейді. Бұл қырғыз кәсіпорындарының капиталын арттыруға және дамуына жол ашады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1904961-qyrgyzstanda-birzaga-degen-kozqaras-ozgerdi/

pixel