jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Елбасы Есімовке "Самұрық-Қазына" қорында атқарған қызметі үшін алғыс айтты

    Ахметжан Есімов
    Ахметжан Есімов. Фото: egemen.kz

    Елбасы Ахметжан Есімовке "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы лауазымында атқарған жемісті қызметі үшін алғыс білдірді деп хабарлайды Elbasy.kz.

    Нұрсұлтан Назарбаев А.Есімовтің басшылығымен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры дамудың жаңа сапалық деңгейіне көтеріліп, БҰҰ есебінде алдыңғы қатарлы халықаралық үздік жиырма қордың қатарына қосылғанын атап өтті.

    Ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы бұл нәтиже негізінен А.Есімовтің жоғары жауапкершілігі мен зор кәсіби тәжірибесінің арқасында мүмкін болғанын айтты. Сондай-ақ А.Есімовтің басқа да маңызды мемлекеттік лауазымдарда жүктелген міндеттерді барынша тиімді орындағанына тоқталды.

    Өз кезегінде А.Есімов өзіне артылған жоғары сенімі үшін Елбасыға алғыс айтты. Ол Қордың жеткен жетістіктері Тұңғыш Президенттің халықтың тұрмысын жақсарту және мемлекетімізді гүлдендіру бағытында жүргізген саясатының арқасында еліміз қол жеткізген толағай табыстың шағын бір бөлігі ғана екенін атап өтті.

    Елбасы Есімовке "Самұрық-Қазына" қорында атқарған қызметі үшін алғыс айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.