Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан президенті жаңа экономикалық аймақ құруды ұсынды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркі тілдес мемлекеттердің экономикалық аймағын құруды ұсынды. Бұл туралы мемлекет басшысы түркі тілдес мемлекеттердің бейресми саммитінде айтты деп жазады Ақорда.

Пандемия бұрын-соңды болмаған экономикалық дағдарысқа әкеп соқтырды. Індеттің салдарынан өзара сауда айналымы азайып кетті. Нақты айтқанда, Қазақстан мен Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы сауда-саттық көлемі былтыр шамамен 7 миллиард доллар болды. Бұл – пандемияға дейінгі көрсеткіштен 11,2 пайызға төмен.

"Біздің елдеріміз үшін алыс-берісті ұлғайта түсу – басты міндеттің бірі. Осы орайда тоғыз жолдың торабында орналасқан Түркістанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндігі зор. Оның қомақты табиғи ресурсын, адами капиталы мен туристік әлеуетін ескеріп, Түркістан өңірінде түркі елдерінің бірлескен "Арнайы экономикалық аймағын" құруды ұсынамын", – деді мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, президенттің сөзінше, халықарлық қауымдастық пандемияға қарсы күрес кезінде бірлесіп әрекет ете алмады. Ал ірі мемлекеттер арасында "вакцина қақтығысы" басталып кетті. Біріккен Ұлттар Ұйымы да өз әлеуетін көрсете алмады. 

"Осы күрделі кезеңде денсаулық сақтау және биоқауіпсіздік мәселесінің маңызы арта түсті. Бұл ретте Біріккен Ұлтар Ұйымы Бас ассамблеясының 75-ші сессиясында Қазақстан биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік құру туралы бастама көтергені белгілі. Сіздер осы тың идеяны қолдайсыздар деп сенемін. Агенттік болашақта биологиялық қатердің алдын алуға және қауіпті дерт жөнінде мәлімет алмасуға мүмкіндік береді",- деді Тоқаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1905638-qazaqstan-prezidenti-zana-ekonomikalyq-aimaq-qurudy-usyndy/

pixel