Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Терминалдың орнына телефон: Еуразиялық банк пен Mastercard ProstoPOS қосымшасын іске қосуда

Опубликовано:

Еуразиялық банк
Фото: Еуразиялық банк

Қазақстандағы курьерлік компаниялар, кафелер, мейрамханалар, таксилер және өзге де бизнестердің өкілдері өз смартфондарын POS-терминалға айналдырып, клиенттерінің банк картасынан төлемді тек бір қосымшаны жүктеу арқылы қабылдай алады.

ProstoPOS пилоттық қосымшасының Қазақстанда іске қосылатыны туралы Еуразиялық банк пен Mastercard төлем жүйесі хабарлады - оның көмегімен смартфонды POS-терминалына айналдыруға болады.

Android базасындағы смартфонға банктік картаны немесе Mastercard (немесе MDES токені) картасының профилі бар NFC құрылғысын тақасаңыз болғаны, төлем жасалынып, чек электронды поштаңызға жіберіледі. Гаджет NFC модулін қолдана алуы қажет, соның арқасында «Tap On Phone» технологиясымен контактісіз төлемдер қабылдау мүмкіндігі пайда болады.

Бұл кімдер үшін ыңғайлы болмақ?

Шағын және орта бизнестің барлық өкілдері - курьерлік компаниялар, таксилер, кафелер, мейрамханалар, қызмет көрсету салаларындағы және өзге де салалардағы кәсіпкерлер қосымшаның арқасында жеке POS-терминалын сатып алуға және онымен қызмет көрсетуге жұмсалатын қаражатпен салыстырғанда әлдеқайда аз төлем жасап, ақшасын үнемдей алады.

Қосымшаны қалай қолдануға болады?

ProstoPOS-ты іске қосу үшін сізге Еуразиялық банктен шот ашып, эквайринг келісімшартына қол қойып, қосымшаны жүктеу қажет - содан кейін қосымшаны қолдана аласыз.

Төлем жасау кезінде экранда соманы теріп, төлем әдісін таңдауыңыз керек - пластикалық карта немесе Apple Pay-дегі төлем құрылғысы, Samsung Pay немесе Eurasian Pay, содан кейін клиент телефоныңызға картаны немесе төлем құрылғысын тақауы тиіс - төлем жасалып, чек клиенттің электронды поштасына жіберіледі.

«ProstoPOS-ті қолданысқа енгізу бойынша Еуразиялық банкпен ынтымақтастық қолма-қол ақшасыз және контактісіз төлемдерді кеңінен қолдануға мүмкіндіктер ашады. Бұл технология барлық тарапқа - кәсіпкерлерге, банктерге және карта ұстаушыларына өз пайдасын тигізуі керек, ал бұл тұтастай алғанда экономиканың барлық қатысушылары үшін неғұрлым ашық, қауіпсіз, тиімді ортаны қалыптастыруға ықпал ететін болады. ProstoPOS - ШОБ үшін нақты қолдау болмақ, себебі бұл бизнесті дамыту және клиенттерге ыңғайлықтар жасау үшін құнды мүмкіндік», - дейді Mastercard клиенттерімен байланыс жөніндегі директор Анна Кустова.

Еуразиялық банк - 26 жылдық даму тарихы бар Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Ол ERG тобының экожүйесіне жатады және активтері бойынша Қазақстандағы ең ірі он банктің қатарына кіреді, бөлшек банктік нарықта жетекші орын алады және корпоративті клиенттер мен ШОБ-ке кең ауқымды қызметтер ұсынады.

Банктің Mastercard халықаралық төлем жүйесімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатқанына бірнеше жылдың жүзі болды, бұл төлем жүйелері үшін озық технологиялар мен қызметтерді дамытуға мүмкіндік береді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1906278-terminaldyn-ornyna-telefon-euraziyalyq-bank-pen-mastercard-prostopos-qosymsasyn-iske-qosuda/

pixel