Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: © Sputnik / Владислав Воднев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерлан Әлімбаев еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Айта кетейік, Ерлан Әлімбаев жаңа қызметіне дейін Қазақстанның Үндістан Республикасындағы, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болған.

Сонымен қатар президент жарлығымен бүгін Қазақстанның бірнеше елдегі елшісі тағайындалды.

Мәселен, Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына;

Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстанның Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы лауазымына;

Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстанның Үндістан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Сонымен қатар, бүгін Қазақстан бокс федерациясының директоры қызметіне де жаңа басшы тағайындалды. Бұл қызметті енді Маратбек Мықтыбеков атқарады.

Бұған дейін ол дзюдо федерациясының вице-президенті, сонымен қатар Алматыда бокс федерациясының директоры, Азия бокс конфедерациясының кеңесшісі болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1908588-syrtqy-ister-ministrinin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel