Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының полицейлері автокөлік бөлшектерін жымқырған күдіктіні ұстады

Опубликовано:

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Келес аудандық полиция бөліміне автокөлік жөндеу орталығының иесі арызданады. Ер адамның айтуынша, оның Абай ауылында орналасқан кәсіпкерлік орнына белгісіз біреу ұрлыққа түсіп, бірнеше бағалы автобөлшектерін жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 700 000 теңгеден асады. Аталған жайт АПБ-нің СДТТБТ-не 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында, ауданның тәжірибелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, оқиға болған жерге шұғыл жетеді. Куәгерлерден жауап алынып, сұрастыру жұмыстары жүргізіледі. Полицейлер бейнебақылау камераларын мұқият тексеріп, жақын аумақтарды аралап шығады.

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Соның нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктінің жеке басын анықтайды. Оны Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстап, АПБ-ға жеткізеді. Ол Шардара ауданы ның бұрын сотты болған тұрғыны болып шықты. Өз кінәсін толық мойындады.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті досының «Ауди-100» маркалы көлігімен Шардарадан Шымкентке келе жатып, Келес ауданы Абай ауылынан өтіп жатқан кезде танысының автокөлік жөндейтін орталығы бары есіне түседі.

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Онда күзет болмайтынын ескерген ұры, арам ойын іске асыру үшін қасында көлікте отырған досына біреуден автокөлікке қажетті бөлшектер алып шығатынын айтып сендіреді. Содан аталған орынға келіп, қоршауынан асып түсіп, терезесіндегі темір торды тартып, ішіне кіріп, қолына ілінген автобөлшектерді алып шығады. Күдіктіден ұрланған заттардың бір бөлшегі айғақты зат ретінде тәркіленіп алынды. Бас шарасы қамауда. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері сауда-саттық, кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарға өздерінің ғимараттарына барынша қауіпсіздік шараларын жасауға кеңес береді. Сауда орындары мен дүкендердің есік-терезелерін мықты етіп бекітіп, қажетінше күзет, қарауыл ұйымдастыруға шақырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1908769-turkistan-oblysynyn-policeileri-avtokolik-bolsekterin-zymqyrgan-kudiktini-ustady/

pixel