Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысының полицейлері 4 бірдей ұрлыққа қатысы бар күдіктіні анықтады

Опубликовано:

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Мақтаараал АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленуші азаматтың айтуынша, түнгі сағат 01:30 шамасында Мырзакент кентінде орналасқан азық-түлік дүкеніне белгісіз азамат заңсыз кіріп, кассадан ұсақ ақшалармен қоса азық-түліктер ұрлап кеткен.

Келтірілген жалпы шығын көлемі 80 000 теңгеге жуық. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша СДТТБТ-ге енгізіп, қылмыстық істі ашуға бірден кірісті.

Мақтаарал АПБ КПБ және ЖПҚ УПИ қызметкерлері осыған байланысты хабар алысымен, оқиға орына жедел жетіп, қажетті шаралардың барлығын жүргізді. Дүкеннің маңын жіті бақылап, айналаны толық шолып шықты. Тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар күдіктіні анықтады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Тергеу барысында анықталғандай, күдіктінің бұдан басқа үш ұрлық жайтына қатыстылығы анықталды. Олардың екеуі азық-түлік дүкеніне, енді бірі айна шығаратын зауытқа ұрлыққа түскен. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 500 000 теңге.

Полиция қызметкерлері өз кезегінде тұрғындарға сақ болуды, өз заттарына қырағы болып, мүліктерін сақтау үшін шаралар қабылдау қажеттігін ескертеді.

Түркістан облысының Полиция департаменті
Фото: Түркістан облысының Полиция департаменті

Тәртіп сақшылары мүмкіндігінше, дүкендер мен пәтерлерге бейнебақылау камераларын орнатуға кеңес береді. Сондай-ақ, терезелерге темір торлар мен кіретін есіктерге сенімді құлыптар қою керек. Егер, сіз, бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға 102 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1908785-turkistan-oblysynyn-policeileri-4-birdei-urlyqqa-qatysy-bar-kudiktini-anyqtady/

pixel