Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент: Заң жобасына енгізілетін нормалар нақты жұмыс істеуі керек

Опубликовано:

Тоқаев заң
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысында елге қуатты, бәсекеге қабілетті жеке бизнес керек екенін атап өтті. Ол ұлттық экономиканың және халықтың әл-ауқатын арттырудың негізі болуға тиіс дп хабарлады Ақорда.

"Заң жобасына енгізілетін нормалар нақты жұмыс істеуі керек. Реформалардың мәні мен маңызын қашыратын мүдделер қайшылығына жол бермеу қажет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент құқықтық реформалар туралы айта келіп, әділ сот төрелігін қамтамасыз ету мақсатында сот жүйесін біртіндеп және жүйелі жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

"Бұл құқықтық мемлекеттің аса маңызды көрсеткіші, инвестициялық тартымдылықтың, жеке меншік құқығын қорғауды қамтамасыз етудің негізі. Сот жүйесін реформалаудың жаңа тәсілдері судьялардың тәуелсіздігін одан әрі нығайтуға тиіс. Реформалар қоғамның соттарға сенімін күшейтуі, сотқа жаңа кәсіби мамандарды тартуға ынталандыруы, сот процестерінің тиімділігі мен қолайлылығын арттыруы қажет", – деді президент.

Мемлекет басшысы әзірленген тетіктер сот саласына құқықтың жекелеген бағыттары бойынша мықты заңгерлер мен мамандарды тартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің бесінші отырысы онлайн форматта өткені туралы хабарлаған едік. Жиынның күн тәртібінде бес мәселе қарастырылды.

Жиынға қатысушылардың баяндамаларын тыңдаған Президент реформалардың стратегиясын дайындау перспективаларына кеңірек тоқталды. Мемлекет басшысы әр баяндама бойынша ескерту айтып, нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909095-prezident-zan-zobasyna-engiziletin-normalar-naqty-zumys-isteui-kerek/

pixel