Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазавтожол" Ұлттық компаниясына жаңа басшы тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владимир Федоренко

Асқар Маратұлы "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамы басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

Асқар Маратұлы 1976 жылы өмірге келген.

Ол Шығыс Қазақстан техникалық университетінде "көліктегі экономика және менеджмент" мамандығы бойынша тәмәмдап, сондай-ақ Л. Гончаров атындағы Қазақ жол-көлік университетінде оқып, "автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы инженері" мамандығын алған.

"Қазавтожол" Ұлттық компаниясының жаңа басшысы еңбек жолын 1998 жылы бастады.

  • 1998-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде түрлі қызметтер атқарды. "Қазавтожол" РМК-ның Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстық филиалдарында жұмыс істеді.
  • 2007-2012 жылдары – Астана қалалық Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде сарапшы, Жамбыл облыстық Қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары.
  • 2012-2015 жылдары – Ақмола облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
  • 2015-2017 жылдары – Зеренді ауданының әкімі.
  • 2017-2019 жылдары – Ақмола облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы.
  • 2019 жылдың 3 сәуірінен бері Ақмола облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909283-qazavtozol-ulttyq-kompaniyasyna-zana-bassy-tagaiyndaldy-foto/

pixel