Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент отандық вакцина өңірлерге жеткізіле бастағанын хабарлады

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы Қазақстанның өңірлеріне жеткізіле бастағанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы президент Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісін ұлғайтамыз. Қазақстан әлем бойынша өз вакцинасын шығарған бірнеше елдің қатарында. Екпені әзірлеген ғалымдар мен мамандардың бәріне алғыс айтамын!", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, осыған дейін COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қазақстандық QazVac препаратымен вакциналау 26 сәуірде басталатынын хабарлаған болатын.

QazVac вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы өндірілді, мамырда тағы 50 мың доза көлемінде шығарылады.

Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Жамбыл облысында салынып жатқан QazVac вакцинасын шығаратын зауыт жыл соңына қарай іске қосылатынын айтты.

Cонымен қатар үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1909379-prezident-otandyq-vakcina-onirlerge-zetkizile-bastaganyn-xabarlady/

pixel