Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Цой "СҚ-Фармация" экс-басшысының ісі бойынша сотқа шақырылуы мүмкін

Опубликовано:

Алексей Цой
Фото: primeminister.kz

"СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша онлайн-сот отырысында адвокаттардың бірі қазіргі денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды куәгер ретінде шақыру туралы өтініш білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Министр Цойды сотқа шақыру туралы өтінішті адвокат Ерлан Мәкен берді.

"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды басты сот талқылауына куәгер ретінде шақыру мақсатында бұл өтінішті беріп отырмын. Мәселе мынада: жәбірленушінің өкілі, (жәбірленуші тарап - Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі - ред.ескертпесі), статистикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, 100 сұрақтың жартысына жауап бере алмады, бейхабар екенін алға тартуда", - деді адвокат.

Ал жәбірленуші тарап ретінде сотқа қатысып жатқан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі болса, министрді куәгер ретінде шақырудың еш қажеті жоқ екендігін мәлімдеді.

"Өтінішті қанағаттандырудан бас тартуыңызды сұраймын. Қорғалушы тарап сұрақтардың көпшілігіне жауап бермегенімді айтуда. Жауап беруім керек сұрақтарды жазып алдым - министрді шақыру қажет емес, себебі Денсаулық сақтау министрлігі маған мекеменің мүддесін білдіру үшін сенімхат берді", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Оралов.

Судья бұл істе Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың да куәгер екенін еске салды. Ол Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі мен Біртановтың жауаптары сотты қанағаттандырмаса, Цой куәгер ретінде шақырылатынын мәлімдеді.

"Егер сот жауап ала алмаса және министрді шақыру қажет деп тапса, мен өтінішке қайта ораламын. Оның үстіне, біздің куәгерлердің тізімінде бұрынғы министр Біртанов бар, біз оған да осы сұрақтарды қоя аламыз - егер қажет болса, сот қажет деп тапса, біз министрді түсініктеме беру үшін шақыру мәселесіне қайта ораламыз", - деді судья Қанат Дүйсембиев.

Еске салсақ, бұған дейін "СҚ-Фармацияның" экс-басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша сот басталғанын жазған едік.

Айыптаушы тарап ұсынған баптардың біріне сәйкес, Берік Шәріпке заңсыз қару сақтады деген айып тағылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1910109-aleksei-coi-sq-farmaciya-eks-bassysynyn-isi-boiynsa-sotqa-saqyryluy-mumkin/

pixel