Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сенсация қуғандар": Лавров Қазақстанға қатысты айтылған шулы мәлімдеге пікір білдірді

Опубликовано:

Лавров
Фото: Ресей СІМ баспасөз қызметі / ТАСС

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында Қазақстанға қарата айтылған арандатушы сөздерге қатысты пікір білдірді.

"Сіз бүгінде Қазақстан үшін Ресей достығы берік стратегиялық серіктестердің бірі болып табылатынына келісесіз деп ойлаймын, бірақ кейде ресейлік саясаткерлердің тарапынан арандатушылық сөздер айтылып жатады. Бұл қандай мақсатта жасалып жатыр, бұған қатысты пікір білдіре аласыз ба?", - деп журналист Ерлан Бекхожин Лавровқа сұрақ қойды.

Сергей Лавров өз жауабында кейбір ресейлік саясаткерлер Қазақстанның территориялық тұтастығына қатысты арандатушылық мәлімдемелер жасап, жай ғана өздеріне назар аударуға тырысатынын алға тартты.

"Саясаткерлер мансабын әртүрлі жолдармен құрады. Сенсация қуып жүрген саясаткерлер бар. Олар айтарлықтай даулы болып көрінетін мәселелерді көтере отырып, өздерін ұмыттырмау мақсатында көпшіліктің назарына ілігеміз деп санайды. Елімізде: "Мақтай ма, даттай ма, маңызды емес, ең бастысы - олар сен туралы газетке жазса болғаны", - деген сөз бар ғой, бәлкім, содан болар. Қазақстанға қатысты Ресей Федерациясының саясатын айқындайтын тұлғалар екі ел арасындағы келісімдердің қайсыбіріне күмән келтіретін ешқандай сөз айтпады және айтпайды да.

Бұл келісімдер бір-біріміздің егемендігімізді, аумақтық тұтастығымызды, саяси тәуелсіздігімізді сыйлауға негізделген. Біз ел басшыларымен келісіліп, қол қойылған, парламент рұқсат еткен, заңның әрі халықаралық құқықтың бөлігі саналатын құжаттар негізінде одақтастықты дамытудамыз.

Саясаткерлердің, жаңа парламентарийлердің тарапынан күмәнді, кейде арандатушы сөздердің айтылуы демократиялық өмірдің ажырамас бөлігі деп ойлаймын. Бастысы біздің халқымыздың қарым-қатынасына сызат түсіретін осындай сөздер пікірталас клубтарынан аспаса болғаны. Біздің қарым-қатынасымыздың халықаралық-құқықтық базасын бұзатын мұндай сөздердің ешқашан шынайы саясатқа қатысы болмайтынына кепіл бола аламын", - дейді Сергей Лавров.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандықтар еліміз жайлы даулы мәлімдеме жасаған ресейлік депутат Вячеслав Никоновқа тарихты оқуға кеңес берген еді. Олар депутаттың "Қазақстан территориясы Ресейдің сыйлығы" деген даулы мәлімдемесіне ашуланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911323-sensaciya-qugandar-lavrov-qazaqstanga-qatysty-aitylgan-suly-malimdege-pikir-bildirdi/

pixel