Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: ҚР ПЖ

Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл лауазымға Серік Құсайынов келді. Ол жақында мәдениет вице-министрі атанған Ерлан Қожағапановтың орнына тағайындалды.

Бұған дейін Серік Құсайынов Алматы қаласы Алмалы ауданының әкімі болып қызмет еткен.

Сонымен қатар, президент әкімшілігі мен қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Ержан Сейтенов Алмалы ауданының әкімі болып тағайындалды.

Ержан Сейтеновтің кандидатурасы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен жетінші шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясында мақұлданды.

Айта кетейік, Серік Досымханұлы Құсайынов 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Қазақ ауыл шаруашылығы институтын және РФ президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын тәмамдаған, мемлекеттік және муниципалдық басқару магистрі.

Әр жылдары Алматы қаласының коммуналдық шаруашылық кәсіпорындарында шебер, бас инженер, басқарушы директор болып жұмыс істеген, қаланың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы, Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы, Алмалы ауданының әкімі болып жұмыс істеген.

Алматы қалалық мәслихатының депутаты, VI шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болып сайланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1911814-almaty-qalasy-akiminin-zana-orynbasary-tagaiyndaldy/

pixel