Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев туралы сандар не дейді: Нумеролог пікірі

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 17 мамыр күні 68-ге толды. Бұл мемлекет басшысының ел тізгінін ұстағалы бері болып отырған үшінші туған күні. Тоқаев билікке келгелі қандай өзгерістер болды? Президент туралы сандар не дейді? Бұл туралы сұхбат берген отандық нумерологтар мен саясаттанушылар "Еуразия" бірінші арнасында өз пікірлерін ортаға салды.

17 мамыр президент үшін әдеттегі дүйсенбіден еш айырмасы жоқ күн болды. Бекітілген кестеге сәйкес кәдімгі жұмыс күні ретінде өтті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күн тойламайтыны осыған дейін талай айтылып келген. Биыл да аста-төк думан, отшашу, жүрекжарды құттықтаулар жоқтың қасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев жұлдызнама бойынша - торпақ. Сандарды сөйлеткен нумеролог мамандар президенттің өзін-өзі бағалауы жоғарғы деңгейде екенін айтады. Әрі қатаң тәртіптің адамы. Қоластындағылардың жауапсыздығына шектен тыс жекімесе де, ара тұра сөзбен сыбап-сыбап алатыны бар.

"Матрицасын қарайтын болсақ, басқарушы жағынан өте мықты. Және де логикалық ойлау қабілеті өте мықты. Психологиялық жағынан өте мықты. Дипломатиялық жағынан өте жоғары қарым-қатынаста бола алады", - дейді нумеролог Гүлназ Найман.

Тағы бір маманның сөзіне сенсек, Тоқаев - әділеттілікке қол жеткізуді мақсат ететіндердің бірі.

"Бұл адамда 314 деген код бар. Бұл бізде "әділет" коды. Яғни, өмірлік миссиясы әділет әкелу. Бұл адам өмірде көп нәрсені таразыға салып жүреді. Ерік-жігері мықты адам. Лидер, көшбасшы адам", - дейді нумеролог-сарапшы Құралай Бақытқызы.

Одан бөлек, нумерологтар мемлекет басшысының ұстамды, көпшілік алдында эмоциясын сирек көрсететін кісілердің қатарында екенін айтуда. Президент көркем, саяси және мемуарлық әдебиеттерге әуес. Теннистен спорт шебері. Қазақ және орыс тілдерінен бөлек, қосымша үш тілді жетік меңгерген.

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік қызметке келгелі еліміз біраз сынды бастан өткеруде. Соның бірі - әлемдік пандемия. Салдары күллі адамзатқа оңай соғып жатқан жоқ. Алайда, солай екен деп, елдегі кезек күттірмес мәселелерді коронавирустың көлеңкесінде қалдырмады. Президенттің тікелей тапсырмасымен аштық пен қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға да негізгі қадамдар жасалды. Бастысы, жылдар бойы жалғасқан жер дауына да нүкте қойылды.

"Президент тарапынан жасалған ұсыныстар, тапсырмалар, нақты, дәйекті, уақытылы беріледі. Бірақ өкінішке қарай, мемлекеттік аппараттың жайбасарлығы ма, қауқарсыздығы ма, осының әсерінен президенттік билікке деген қандай да бір кері әсерлер тиіп қалып жатады. Десек те, соңғы екі жылда қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынас өзінің жаңа деңгейіне өтіп отыр", - дейді саясаттанушы Қазбек Майгельдинов.

Бүгінде биліктегі шенділердің дені әлеуметтік желіде белсенді. Бұл да мемлекет басшысының пәрменімен қолға алынған үрдіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі де желідегі белсенділігін жоғалтқан емес. Қоғамдағы өзекті мәселелерге уақтылы үн қатып тұрады. Кейбір маңызды тапсырмаларды Twitter арқылы беріп жатады. Instagram желісінде 2 миллионға таяу оқырманы бар. Ал Twitter-де Джо Байден, Джеф Безос, Илон Маск сынды әлемдік тұлғалардың парақшасына жазылған.

"Қоғамнан жасалып отырған талаптарды ескеру, қоғам айтып отырған сындарды елеу деген сияқты президент тарапынан осындай жаңашылдықты байқап отырмыз. Бұл кейіннен толыққанды құқықтық-демократиялық қоғам құруға басты қадамдардың бірі деп есептеймін", - дейді Майгельдинов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1913023-toqaev-turaly-sandar-ne-deidi-numerolog-pikiri/

pixel