Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрбек Дайырбеков вице-министр қызметінен босатылды

Опубликовано:

Фото
Фото: Қазақстанның үкіметы

Үкіметтің қаулысымен Нұрбек Слямханұлы Дайырбеков берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.

Нұрбек Дайырбеков 1973 жылы Алматы қаласында өмірге келген. Ленин комсомолы атындағы Новосибирск мемлекеттік университетін, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау инстиутын тәмамдаған.

Ол еңбек жолын 1994 жылы бастаған. Әр жылдары коммерциялық сектор мен мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеген.

Нұрбек Дайырбеков 2019 жылғы сәуірден қарашаға дейін — "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ басқарушы директоры.

2019 жылғы қарашадан бастап қазірге дейін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі болып жұмыс істеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1913377-nurbek-daiyrbekov-vice-ministr-qyzmetinen-bosatyldy/

pixel