Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан басшысы әкімдіктің бұрынғы ғимаратына қатысты шуға пікір білдірді

Опубликовано:

Рашид Аюпов, портрет
Рашид Аюпов. Фото: facebook.com/rashid.ayupov

Аукцион арқылы сатылып кеткен әкімдік ғимаратына қатысты Түркістан қаласының әкімі INSTAGRAM парақшасындағы тікелей эфир кезінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Рашид Аюповтың мәліметінше, қалада қонақүйлерді көбейту мәселесі бұған дейін туындаған. Қалаға келетін туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қонақ үй жобасы ретінде жұмыс жүргізу тапсырылыпты. Осы мақсатта, әкімдік ғимараты электрондық сауда саттыққа қойылған. Және алғашында әкімдік ғимаратын сату жұмыстары "Түркістан" әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жүргізіледі деген ой болыпты. Бірақ кейіннен шешім өзгеріп, нысан электронды аукион арқылы сатылымға қойылған.

"Ғимараттың бағасын шығару әкімдіктің құқығы емес, арнайы мекеменің құзырында. Сол бойынша ғимараттың бағасын шығарған болатын. Оның үстіне ғимаратқа 2018 жылы 257 млн көлеміндегі жөндеу жүргізілген, сол баға бойынша қосылған және де ол ҚР Қаржы министрлігіне қарасты веб порталға енгізілген еді. Ол жердегі сатып алушы да, сатып алуға қатысушы да және де оның бағасын да қадағалайтын әкімдік емес. Жалғыз сол портал арқылы нарықтық жүйемен жасалады",-деді Рашид Аюпов.

Сонымен қатар шенеунік аукцно кезінде порталға кімнің тіркелгені көрінбейтінін алға тартты.

"Ұсынылған бағадан бір тиын да төмен түскен жоқ. Сондықтан да Прокуратураның айтқанына біз келіспейміз, сол себепті бірінші келісім шартты бұзу туралы шешім шыққанымен, біз ары қарай апелляциялық сотқа шағым жаздық. Біз ары қарай да соттасатын боламыз. Өйткені, бір қызығушы адам алмады деп сатып алушының артынан қудалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын", - деді Түркістан қаласының әкімі.

Еске салсақ, бұған дейін отандық арналардың бірі әкімдік ғимаратын сату туралы ешқандай ақпарат жария етілмегені және қала тұрғындары үшін бұл тосын жағдай болғаны туралы ақпарат таратты.

Әкімдіктің қызметкерлері облыс әкімдігінің ескі ғимаратына көшіп, әкімдік ғимараты сатылмас бұрын жалпы құны 257 млн теңгеге жөндеу жұмыстарына өткен. Ал қала әкімшілігі журналистерге әкімдіктің бұрынғы ғимаратын сатып, онда қонақ үй ашуға арналған бұл жоба "қала туристері мен қонақтарына жайлы жағдай жасау үшін" жүзеге асырылып жатқанын түсіндірді. Ауданы 2,5 мың шаршы метрден асатын 4 қабатты ғимаратты Көкшетау қаласының 74 жастағы зейнеткері 313 млн теңгеге сатып алған екен.

Ал прокуратураның мәліметінше, электронды аукцион өткізгенде оған бір ғана адам қатысып, жеңімпаз болып шыққан. Талап бойынша аукционға қатысушы ұйымның саны екіден кем болған жағдайда конкурс өткізілмеуі тиіс. Сол себептен прокуратура әкімдікті сотқа берген. Іс бойынша жауапкерлер - Түркістанның мемлекеттік органдары, бағалауды жүргізген компания және жеке кәсіпкер. Сот сатуды қабылдау актісін жарамсыз деп таныды.

"Түркістан қаласы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі мен жеке кәсіпкер Бектасова Күлбибі Қамбарбекқызы арасындағы ғимаратты сату-сатып алу туралы келісім жарамсыз деп танылсын. Мемлекеттік мүлікті қабылдау-сату актісі жарамсыз және күші жойылған деп танылсын", - делінген Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1913507-turkistan-bassysy-akimdiktin-buryngy-gimaratyna-qatysty-syqqan-suga-pikir-bildirdi/

pixel