RU

Тоқаев пен Назарбаевтың қатысуымен ЕАЭО отырысы басталды

ЕАЭО
Фото: РИА Новости / Табылды Кадырбеков

Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттері басшыларының отырысы өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Іс-шараға ЖЕЭК Құрметті төрағасы, Қазақстанның тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғыз республикасының президенті Садыр Жапаров, Армения премьер-министрінің м.а. Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысуда.

Сонымен қатар, Куба президенті Мигель Диас-Канель мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің ЕАЭО-да бақылаушы мемлекеттердің басшылары ретінде қатысуы жоспарланған.

Отырыс барысында мемлекет басшылары ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықтың басым мәселелерін талқылап, алға қойылған міндеттерді қарастырады.

Дағдарыстан кейінгі кезеңде интеграциялық өзара әрекеттесуге және Одақтың ішкі нарығындағы кедергілерді жоюға ерекше назар аударылады деп күтілуде.

Отырыс барысында Тоқаев ЕАЭО мемлекеттерінің басшыларына жүгініп, пандемия оффлайн форматтағы кездесуге кедергі келтіріп отырғанына, десе де бұл жалпы жұмыс сапасына ешқандай әсер етпейтініне баса назар аударды. Ол жаппай вакцинация оң әсер етіп, келесі отырыс оффлайн форматта өтетініне үміт білдірді.

Отырысты төмендегі видеодан тамашалай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1913760-toqaev-pen-nazarbaevtyn-qatysuymen-eaeo-otyrysy-otude/