Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы қол қойған заңдарға қандай түзетулер енгізілді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: facebook.com/Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі ресми парақшасында ел президенті қол қойған заңдарға түсіндірмені жариялады.

"Бүгін мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды. Атап айтқанда:

1) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына;

2) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға.

Төмендегі түзетулер енгізілді:

  • Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауын енгізу: «Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқы жалпыға бірдей, тең, төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жиырма бес жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан төрт жыл мерзімге лауазымға сайлайды».
  • Барлық кандидаттарға қарсы дауыс беру: «Сайлау бюллетеніне «Бәріне қарсымын» деген жол енгізіледі;
  • Сайлауда саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетілді.

3) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Төмендегі түзетулер енгізілді:

  • Кредиттік бюроларда кредит тарихтарын сақтау мерзімін 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарту: «Кредиттік бюро кредиттік тарих субъектісіне қатысты ақпараттың сақталуын ол туралы соңғы ақпарат алынған күннен кейін 5 жыл бойы қамтамасыз етеді».
  • Коллекторларға бөтен телефон нөмірлерінен қоңырау шалуға тыйым салынады. Сондай-ақ олар борышкерлермен кез келген өзара әрекеттесу процессінің бейне және аудио жазбасын жүргізуге міндеттеледі.

4) «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Төмендегі түзетулер енгізілді:

  • 2021-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамын нақтылау мақсатында әзірленді;
  • Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында белгілеген тапсырмаларды, сондай-ақ, коронавирус індетіне қарсы күрес шараларын іске асыруға бағытталған", – деп жазды Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1914387-memleket-bassysy-qol-qoigan-zandarga-qandai-tuzetuler-engizildi/

pixel