Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауытқушылық бар": Дана Нұржігіт Қазақстан мен Қытай арасындағы маңызды мәселені айтты

Опубликовано:

Дана Нұржігіт
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Депутат Дана Нұржігіт Сенаттың жалпы отырысында Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымына қатысты соңғы 4 жылдағы статистикадағы ауытқушылыққа қатысты мәселе көтерді деп жазады BAQ.KZ.

Дана Нұржігіт есеп комитетінің ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша кедендік төлемдер, салықтар, өсімпұлдарға қатысты берешек 26,7 миллиард теңгені құрағанын жеткізді.

Оның сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда берешек 10,8 миллард теңгеге немесе 68 пайызға өскен.

"Енді мына көрсеткішке назар аударыңыздар: Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымына қатысты соңғы 4 жылдағы статистикадағы ауытқушылық бар", - дейді сенатор.

Дана Нұржігіт бұл ауытқушылық 45-59 пайыз аралығын көрсетіп отырғанын атап өтті. 

"Яғни бұл бюджеттегі шығын деген сөз. Жобамен бұл цифр 55,3 миллиард долларды құрайды. Бірақ жүргізілген аудит осы сәйкессіздіктердің сомалары мен себептері туралы сенімді ақпаратты анықтай алмады. Статистика Қытай мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында да бар. Осыған орай мынандай сұрақ туындап отыр: Қазақстанның  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен жүргізілген айналма сәйкессіздіктер бар ма?", - деп сұрады ол қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтан.

Өз кезегінде қаржы министрі аспан асты елімен сауда жасайтын елдердің барлығында осындай статистикалық ауытқушылық бар екенін мойындады.

"Шынында, статистика саласында жіберілетін қателіктер болады. Алайда екі елдің арасындағы тауар айналымында бұл статистика әрқашан көп болып тұрады. Бір мысал келтірейін, әлемдегі екі алпауыт ел АҚШ пен Қытай арасындағы статистикалық қателіктер 50 миллиард доллардан асады. Қытай мен Германия арасындағы статистикалық ауытқушылық та дәл солай. Басқа елдермен де Қытайдың айырмашылығы осындай. Біз үшін де бұл үлкен мәселе", - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Қаржы министрі бұның бірнеше себебі бар екенін жасырмады.

Оның сөзінше, біріншіден, Қытай тауарлардың барлығын экспорт деп жаза береді. Содан кейін осылай болады.

Екіншіден, Қорғаста тауарларды деклорациясыз енгізетін мүмкіндік бар. Қытай оның бәрін экспорт деп атайды, яғни біз деклорацияланбайды.

"Сондықтан статистикалық қателік болып есептеледі. Соған қарамастар онлайн-режимде екі ел арасындағы статистикалық алмасуды күшейттік. Соңғы 2-3 жылда 60 пайыздан 45 пайызға дейін түсірдік. Әлі де азайтуға тырысамыз. Бірақ 0-ге айналдыру мүмкін емес", - дейді Ерұлан Жамаубаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1914724-auytqusylyq-bar-dana-nurzigit-qazaqstan-men-qytai-arasyndagy-manyzdy-maseleni-aitty/

pixel