Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев ШҚО әкімі Даниал Ахметовке бірқатар маңызды тапсырма берді

Опубликовано:

Тоқаев Ахметов
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады. Президентке Шығыс Қазақстан облысының жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді. деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында өңірдің инфрақұрылымдық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бұқтырма су  қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бойынша берілген тапсырмаларының орындалуы, сондай-ақ Семей қаласындағы жүк таситын көліктерге арналған көпірдің қайта жөнделу барысы баяндалды.

Одан бөлек, Даниал Ахметов президентке Өскемен және Үржар қалаларындағы әуежайларды қайта жөндеу жұмыстары туралы ақпарат берді. Әуежайларды жаңғырту жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына арналған тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдардың құрылысын жылдамдату қажет екенін айтты. Әкімнің айтуынша, 2020 жылы жағдайы төмен және көпбалалы аналарға 1049 пәтер мен үй берілсе, ал осы жылдың соңына дейін оларға қосымша тағы 1125 баспана беріледі.

Кездесуде көтерілген тағы бір мәселе – аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін нығайту перспективалары.

Даниал Ахметов мемлекет басшысына жылына 300 мың тонна өнім шығаратын майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын іске қосу және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін одан әрі кеңейту жоспарын таныстырды.   

Одан бөлек, өңірдің индустриалды-инновациялық даму мәселелері сөз болды. Даниал Ахметов Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты құрылысының екінші кезеңі туралы мәлімет берді.

Президент кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1914813-toqaev-sqo-akimi-danial-axmetovke-birqatar-manyzdy-tapsyrma-berdi/

pixel