Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық белгілі журналист саяси қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Ержан
Фото: Facebook/Берік Уәли

Бірнеше басылымда жұмыс істеген Ержан Байтілес жаңа қызметке тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошановтың бұйрығымен президент баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі, белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары (саяси қызмет) болып тағайындалды.

Ержан Байтілес "Ақ жол Қазақстан", "Алматы ақшамы", "Алты Алаш", "Ана тілі", "Егемен Қазақстан" секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі қаламгер.

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан азамат.

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз қызметіне арнайы шақырдық. Солайша мемлекеттік қызметтің қыр-сырына үйреніп, үлкен мектептен өтіп, шыңдалды. Енді қанаты қатайып, тәжірибесі толысып тағы бір баспалдаққа көтеріліп жатыр.

Әріптесімізге жаңа жұмысында толағай табыс тілейміз. Алар асуың, бағындырар биігің көп болсын!", - деді Берік Уәли.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1915839-belgili-zurnalist-sayasi-qyzmetke-tagaiyndaldy/

pixel