RU

Президент: Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: anatili.kazgazeta.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.

"Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын! Бұл – еліміз үшін айрықша маңызды мейрам. Көк байрақ, Елтаңба мен Әнұран әрбір қазақстандықтың жүрегіне мақтаныш ұялатып, отаншылдық рухын асқақтатады. Тәуелсіздіктің қасиетті нышандары ұлтты ұлы істерге ұйыстыра берсін!", - деп жазды президент Twitter желісіндегі парақшасында.

Еске сала кетсек, бүгін, 4 маусымда елімізде Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтіп жатыр.

Осы ретте KAZ.NUR.KZ атаулы күнге орай мемлекеттік рәміздер туралы қызықты деректерді жинаған еді.

1. 1992 жылы қабылданған әнұран 750 жобаның ішінен таңдалып алынған.

2. Қазақстан Республикасының заңнамалар жинағында рәміздерге арнайы 3 бап берілген.

3. Қазіргі әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда қабылданды. Жаңа әнұран бірінші рет сол жылы 11 қаңтарда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевты салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

4. Қазақстандағы ең үлкен тудың ені 15, ұзындығы 30 метр. Ол Нұр-Сұлтан қаласында "Атамекен" этно-мемориалды кешенінің аумағына орналасқан .

5. 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев тұңғыш рет қазақтың туын ғарышқа апарды.

6. Монблан шыңында (4 810 м), Памир тауының Ленин шыңында (7 134 м) және Эверест шыңында (8 800 м) еліміздің туы желбіреп, әнұранымыз шырқалды.

7. 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетов Қазақстанның туымен Жерді 150 рет айналып ұшты. Кейін ғарышкер оны Елбасыға сыйға тартты.

8. 2011 жылдың 14 желтоқсанында Оңтүстік Полюске шығудың 100 жылдық мерейтойына орай еліміздің туы Антарктидада тігілді.

9. 2015 жылдың 14 сәуірінде қазақстандық шаңғы экспедициясы Қазақстан туын Солтүстік полюс - Арктикада тікті.

10. Сондай-ақ, қазақстандық ту әлемдегі ең биік жанартауға тігілген. Бұл 2012 жылдың 23 ақпанында қазақстандық Андрей Гундаревтің Оңтүстік Африканың ең биік нүктесі - "Охос-дель-Саладоны" бағындырған кезінде болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1916104-prezident-qazaqstandyqtardy-memlekettik-ramizder-kunimen-quttyqtady/