Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кабинетте отырмай, ауыл аралаңыз": Сапарбаев шенеуніктерге тапсырма берді

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: sputniknews.kz

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аппараттық кеңесте шенеуніктерге "кабинетте отырмай, ауылдарды аралаңыз" деген тапсырма берді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиналыста мал азығын дайындау және халық санағын ұйымдастыру мәселелері қаралған.

Облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Амановқа әрбір аудандағы ауылдарды аралап, жағдаймен жіті танысуды тапсырған.

"Ауыл шаруашылығына қатысты ведомство мамандары кабинетте отырып, тек қағаздағы есепке сүйенбей, ауыл-ауылдарды өз аяғымен аралап жүру керек. Сонда ғана сіздер қалыптасып отырған ахуал туралы жан-жақты хабарлай аласыздар", - деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы жауапты тұлғаларға өңірдегі жем-шөп дайындау жұмыстары бойынша күнделікті ақпаратты баяндап тұруды міндеттеген.

Одан бөлек, Бердібек Сапарбаев жауапты басшыларға халық санағының дайындық және негізгі кезеңдерінің сапалы әрі мұқият өтуін бақылауда ұстауды жүктеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бердібек Сапарбаев кезекті жиында шенеуніктерді сынға алып, заңсыз тұрғызылған ғимараттарды, атап айтқанда, "қызыл" сызық нормаларын бұзған нысандарды бұзуға бұйрық берген болатын.

"Аудан әкімдері құрылыс нормалары мен ережелерін бұзушылықтарды жою бойынша нақты шаралар қабылдамайды, "қызыл" сызықпен байланысты проблема бірінші рет талқыланған жоқ.

Сіз заңсыз салынған нысандарды бұзып жатқаныңызды, сонымен бірге бұзушылықтармен жаңа нысандар бой көтеріп жатқандығын хабарлайсыз. Жауапты органдар, әкімдіктер бірлесіп жұмыс жасамайды. Жауапкершілікті бір-біріне сілтейді. Ресми хаттар жіберіп, жауап күтіп отырмын дейсіз. Бастама алуға ешкім асығар емес. Бұл бюрократия қашан аяқталады?", – деп Жамбыл облысының әкімі ашуға басты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1916662-kabinette-otyrmai-auyl-aralanyz-saparbaev-seneunikterge-tapsyrma-berdi/

pixel