Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Біртановтың адвокаты Тоқаевты сотқа куәгер ретінде шақыруды сұрады

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов. Фото: ortcom.kz

Нұр-Сұлтандағы онлайн сот отырысында Елжан Біртановтың адвокаты президент Қасым-Жомарт Тоқаевты сотқа куәгер ретінде шақыруды сұрады. Бүгінде сот бұрынғы денсаулық сақтау министрін үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту мәселесін қарастырып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Адвокат Дмитрий Куряченко "Эрикссон Никола Тесла" компаниясымен серіктестік негізінде құрылған электрондық денсаулық сақтау жүйелері сәтті жұмыс істеп жатқанын, ал Қазақстандағы тергеу компания жұмысқа қабілетсіз платформа ұсынды деп есептейтінін айтты.

Айта кетейік, Елжан Біртанов дәл осы платформаның жобасын жүзеге асыру барысында ақша ысырап еткені үшін күдікті деп танылып отыр. Тергеу министрдің жұмысқа қабілетсіз платформа ұсынғанын айтады, ал адвокаттар жүйенің жұмыс істейтінін мәлімдеп отыр.

"Хорватияда "Эрикссон Никола Тесла" компаниясының арқасында электронды денсаулық сақтау жүйесі Еуропадағы үздіктер қатарына еніп отыр. Арменияда "Эрикссон Никола Тесла" цифрландыру бойынша Дүниежүзілік банктің барлық циклін аяқтады.

Беларусь 10 млн тұрғын үшін 57,4 млн долларға платформа құру мақсатында "Эрикссон Никола Тесла" компаниясына ақша төлеуге дайын. Ал Қазақстанда Еліманов басқаратын тергеу әлемге әйгілі "Эрикссон Никола Тесла" компаниясы АҚШ-қа 17 млн долларға жұмысқа қабілетсіз платформа ұсынды деп отыр. Ал платформаның жұмысын тергеудің өзі бұғаттаған", - деді адвокат.

Ол сотқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты куәгер ретінде шақыруды сұрады.

"Құрметті сот, аталған фактілерді растау үшін ел президенті Тоқаевты сотқа куәгер ретінде шақыруды сұраймын. Ол - бұл фактіні тікелей сотта куәландыратын және тікелей президентке есеп беретін, Еліманов басқаратын ҚҚА тергеу органының өтірігіне куә бола алатын адам", - деді Куряченко.

Айта кетейік, бүгін Біртановтың адвокаты сот экс-министрді қорғауға кедергі келтіргені үшін сот денсаулық сақтау министрлігіне айыппұл салғанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1916709-birtanovtyn-advokaty-sotqa-toqaevty-kuager-retinde-saqyrudy-surady/

pixel