Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Байсалды, қарапайым, өнегелі: Отандық телеарна Қасым-Жомарт Тоқаев туралы фильм көрсетеді

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Отандық телеарнадан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы "Преодоление" деп аталатын екі сериялы деректі фильм көрсетіледі.

"Хабар" агенттігінің кинотуындысы Қазақстанның екінші президентінің жеке тұлға болып қалыптасу тарихын баяндайды және оның саяси жолын көрсетеді.

Фильмнің бірінші бөлімі мемлекет басшысының биографиясындағы қызықты фактілерге негізделген. Бірінші бөлімі "Хабар" телеарнасында 11 маусым күні сағат 21:30-да көрсетіледі.

Екінші бөлімінде көрермендер Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік аренадағы еңбегі туралы біліп, саяси қызметтің тиімділігін бағалай алады. Екінші бөлімі 12 маусым күні сағат 22:00-де көрсетіледі.

Телеарна көрермендері "Преодоление" деректі фильмінің қайталауын жексенбі, 13 маусым күні сағат 22.00 және 22.40-та көре алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік журналист, тарихшы Леонид Млечин мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа YouTube арнасындағы авторлық хабарын арнағанын жазған едік.

Айта кетейік, 2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Сол кезде Елбасы өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын айтты.

Осылайша, Қасым-Жомарт Тоқаев 20 наурызда Қазақстан Республикасының президенті ретінде ант қабылдады.

Кейінірек, 2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

2019 жылы 12 маусымда Конституцияның 42-бабына сәйкес ант беріп, ресми түрде сайланған президент ретінде мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917204-baisaldy-qarapaiym-onegeli-otandyq-telearna-qasym-zomart-toqaev-turaly-film-korsetedi/

pixel