Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаржы министрі: Алдағы уақытта мүмкіндігінше сырттан қарыз алуды доғарамыз

Опубликовано:

Ақша доллар
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан алдағы уақытта сырттан қарыз алуды доғарады. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстанның даму тарихында бір емес бірнеше дағдарыс болды. Атап айтар болсақ, 1999 жылғы дағдарыс, одан кейін 2007 жылы Америкадағы ипотекалық қарыздан бастап, дүниежүзіне тарап Қазақстанға жеткен дағдарыс, 2014-2015 жылдардағы мұнайдың күрт құлдырауынан туындаған дағдарыс бар.

Ал 2020 жылы жеткен жай дағдарыс емес. Ол коронавируспен қабаттасқан өте күрделі дағдарыс болды", – дейді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның айтуынша, өткен жылғы дағдарыстың халыққа да, кәсіпкерлерге де ауыр тиюіне байланысты еліміз сырттан қарыз алған.

"Жалпы, шетелден алынған қарыздардың басым бөлігі кәсіпкерлердің, яғни шетелдік компаниялардың осы жердегі еншіліс компаниялары арасында қалыптасқан қарыз. Алдағы уақытта мүмкіндігінше сырттан қарыз алуды доғарып, экономиканың мұнайға байланысты салаларын әртараптандырып, дамытып, солардан түсетін салық есебінен жағдайды түзуге толық мүмкіндігіміз бар деуге болады", – дейді Ерлан Жамаубаев.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банктің баспасөз қызметі қазіргі уақытта еліміздің сыртқы қарызы қанша екенін айтқан болатын.

Қазақстанның сыртқы қарызы 2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 160,9 млрд АҚШ долларын (немесе ІЖӨ-ге шаққанда 90,7%) құрап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1917819-qarzy-ministri-aldagy-uaqytta-mumkindiginse-syrttan-qaryz-aludy-dogaramyz/

pixel