Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2020 жылы меморгандар 570 млрд теңгені тиімсіз жұмсаған

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджет ақшасын тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін күшейту жұмысын жалғастыру қажет екенін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, бюджет қаржысын пайдалануда бірқатар мәселе бар. Барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз жұмсалған қаржы мөлшері шамамен 570 миллиард теңгені құрады.

"Әр теңге тиімді жұмсалуы керектігін ескерсек, бұған жол беруге болмайды. Сондықтан біз былтыр бастаған мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауаптылығын күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру өте маңызды деп санаймыз", - деді Годунова сенат отырысында 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебі бойынша баяндама жасап.

Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске тек екі дефиниция енгізілгенін атап өтті. Тағы үш дефиницияны жаңа норманың жұмыс жасау нәтижелері бойынша қарау туралы шешім қабылданды.

"2021 жылдың басынан бері 11 лауазымды тұлға жазаланды. Норманы оңды-солды қолдану фактілері кездескен жоқ. Заңбұзушылықтың алдын алуға, болдырмауға септігін тигізуде. Бірақ әзірге тек өте тар шеңберде қолданылуда", - деді комитет төрағасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев салада жауапқа тартылған лауазым иелері туралы айтқан еді.

251 материал құқық қорғау органдарына жіберілді, ал ереже бұзушылықтарға жол бергені үшін 2 349 лауазым иесі жауапқа тартылды. Аудит объектілері қызметінің тиімділігін арттыру үшін 1 950 ұсыным берілді", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1918138-2020-zyly-memorgandar-570-mlrd-tengeni-tiimsiz-zumsagan/

pixel