RU

Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылғандардың орнына жаңа әкімдер тағайындалды

Ерболат Бекшенов пен Медет Оспанов
Ерболат Бекшенов пен Медет Оспанов. Фото: gov.kz

Қазақстан президентінің тапсырмасынан кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау және Есіл аудандарының әкімдері қызметінен босатылды. Олардың орнына кім тағайындалғаны белгілі болды.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланғандай, Ерболат Мұратұлы Бекшенов Айыртау ауданының басшысы болып тағайындалды.

Есіл ауданының әкімі болып Медет Дулатұлы Оспанов тағайындалды.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Ерболат Бекшенов 1973 жылы туған, Орталық Азия университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын "Бекшенов" шаруа-фермерлiк қожалығы басшысының орынбасары болып бастады. "Ет" ЖШС-де маркетинг бөлiмiнiң меңгерушiсi, Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округiнiң әкiмi, Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары, Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметтерiн атқарды.

2014-2018 жылдары Мамлют ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

2018 жылдан осы күнге дейін  Солтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Медет Дулатұлы Оспанов 1985 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы Жаңасу ауылында дүниеге келген.

2006 жылы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2009 жылы Қазақстан-Ресей университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2006 жылы Петропавл қаласындағы Әл-Фараби мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастады.

2007 жылы Солтүстік қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің бас маманы лауазымына мемлекеттік қызметке орналасты.

2007-2011 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының бас маманы болып жұмыс істеді.

Сондай-ақ, Шал ақын, Тайынша ауданында басшылық қызметтер атқарды. Сонымен қатар, Солтүстік қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі болды.

Осы тағайындауға дейін облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып еңбек етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1918469-toqaevtyn-synynan-keiin-qyzmetinen-bosatylgandardyn-ornyna-zana-akimder-tagaiyndaldy/