Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биіл елімізде қанша ауыл әкімінің сайланатыны белгілі болды

Опубликовано:

Шенеунік
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте осы жылдың соңына дейін Қазақстанда 755 ауыл әкімі сайланатынын жеткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты ел халқына Жолдауында ауыл әкімдерін тікелей сайлауға көшу туралы тапсыра бергенін еске салды.

"Осы жылдың 24 мамырында ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау мәселелері жөніндегі заңға қол қойылды. Бұл бастама жергілікті өзін өзі басқару институттарын жаппай енгізу тәжірибесі арқылы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыруға қатысты негізгі саяси реформалар топтамасын біртіндеп жүзеге асыруға бағытталған", - дейді Константин Петров.

Оның дерегінше, Қазақстанда 2 346 ауыл әкімі бар. Олар жаңа норма енгізілгеннен кейін өкілеттік мерзімдері аяқталған соң тікелей дауыс беру арқылы сайланатын болады.

Константин Петров осы жылдың соңына дейін аталған санатқа кіретін шамамен 775 әкімді сайлау жоспарланып отырғанын жеткізді.

"Осылайша, азаматтардың тікелей сайлау арқылы мемлекеттік басқаруға қатысуын кеңейту принципі біртіндеп жүзеге асырылады. Тікелей сайлау арқылы ауылдық аумақтарды басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру процесіне шамамен азаматтардың 40 пайызы тартылады", - дейді төраға орынбасары.

Айта кетсек, бұған дейін Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев әкім болуға ниеттілер үшін қойылатын талаптар туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1919246-biil-elimizde-qansa-auyl-akiminin-sailanatyny-belgili-boldy/

pixel