Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Архимед Мұхамбетов Қостанай әкімінің орынбасарын жазалауды тапсырды

Опубликовано:

Архимед Мұхамбетов
Архимед Мұхамбетов. Фото: instagram.com/arkhimed_mukhambetov

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың отырысын өткізді. Жиында Қостанай және Лисаковск қалаларының басшылары есеп берді. Бұл туралы өңір басшысының Instagram парақшасында хабарланды.

Жиналыста мониторингтік топ пен вакцинация мәселесі талқыланған.

Өңір басшысының мәліметінше, мониторингтік топтар 2021 жылғы 1-26 маусым аралығында 2 237 рейдтік іс-шара өткізіп, карантинді бұзған 97 жағдайды анықтаған.

26 маусымдағы мәліметке сәйкес, өңірде жалпы 123 795 адам вакцина салдырған. Соның ішінде 77 796 адам препараттың екі компонентін де салдырған.

"Аурудың өсу үрдісі байқалады. Вирус жұқтырғандар санының көбеюіне байланысты біздің облыс "сары" аймақта орналасқан. Сондай-ақ, "Дельта-штамм" анықталды, оның сипаттамалары 2 есе жұқпалы, ауруханаға жатқызу және өлім қаупі жоғары, инкубация кезеңі 7 күнге дейін қысқарады", - деді Мұхамбетов.

Қостанай облысы әкімінің сөзінше, инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі - коронавирусқа қарсы вакцина салдыру.

Сонымен бірге "Алау" басылымы вакцина салдыру қарқынының төмендігі аймақ басшысының көңілінен шықпағанын атап өтті.

"Бұл мәселе бойынша Рудный, Лисаковск және Жітіқара аудандарының әкімдері тәртіптік жауапкершілікке тартылғандығына байланысты, біз бүгін шешім қабылдап, халықты вакцинациялау мәселелерін қадағалайтын Қостанай қаласы әкімінің орынбасарларын жазалаймыз.
Оны жазалап, бұл туралы жариялау керек. Келесі жолы халықты қамту облыстың орташа деңгейінен төмен болса, вакцинация мәселелеріне жауап беретін басқа орынбасарлар, қалалар мен аудандардың әкімдері жауап береді", - деді Архимед Мұхамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1920056-arximed-muxambetov-qostanai-akiminin-orynbasaryn-zazalaudy-tapsyrdy/

pixel