Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Илья Ильин болашақта әкім болуға ниетті екенін айтты (видео)

Опубликовано:

Илья Ильин
Илья Ильин. Фото: Instagram/ilyailyinforever

Белгілі қазақстандық ауыр атлет, қазіргі уақытта Қызылордадағы Мұз сарайының жетекшісі Илья Ильин "Жетінші арнаның" "Студия 7" бағдарламасында қонақ болып, өзінің жоспарлары туралы айтты.

Бағдарламада жуырда болатын ауыл әкімдерін сайлау талқыланды. Танымал адамдардың мұндай лауазымға тағайындалуға мүмкіндігі бар ма деген сұрақ та көтерілді.

Жүргізуші Илья Ильиннен ауылдың, ауданның немесе қаланың басшысы болуға қалай қарайтынын сұрады.

"Әрине, мен мансабымды аяқтар шақта барлығын ой елегінен өткіздім. Басқа жоспарларды былай қойғанда, мемлекеттік қызметкер, әкім, депутат болу туралы ой болды. Бірақ маған тәжірибе керек деген ойға келдім. Сөйтіп, бұл қызметтерді 42-43 жасыма дейін ысырып қойдым. Алдымен өзімді зерттеп, тәжірибе жинап алайын, адамдарға білгенімді үйретейін, содан кейін барып, бәлкім әкім болуым мүмкін", – дейді өзінің жоспарларымен бөліскен спортшы.

Оның сөзінше, қазіргі атқарып отырған қызметі де мемлекеттік қызметпен барабар.

Айта кетейік, Илья Ильин ауыр атлетикадан әлемнің төрт дүркін чемпионы. Төрт рет әлемнің үздік ауыр атлетшісі атағына ие болған.

Алайда, 2016 жылы допинг дауына ілігіп, 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында және 2012 жылы Лондон Олимпиадасында алған алтын медальдарынан айырылды.

Ал өткен жылдың мамыр айында ол Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының бұйрығымен "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1920183-ilya-ilin-akim-boludy-zosparlap-otyr/

pixel