Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе қаласының әкімі "Мерейлі отбасы" байқауында жеңіске жеткен отбасыны құттықтады

Опубликовано:

Әкім дәрігерді күнімен құттықтады
Фото: Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі

Ақтөбелік Әділовтер әулеті «Мерейлі отбасы» байқауының қалалық кезеңде жеңімпазы атанды. Отбасы еңбек өтілі 350 жылдан асқан теміржолшылар династиясынан. Ұлттық құндылықтарды насихаттап, мәресіне жеткен байқау жеңімпаздарын қала әкімі Асхат Шахаров құттықтады. Елге үлгі болып отырған отбасыларға құрмет көрсетілді.

Елімізде дәстүрлі түрде өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы биыл жетінші рет ұйымдастырылды. Шараның қалалық кезеңіне қатысуға 20-дан аса жанұя ниет білдірген. Ұлттық байқауға спорт пен ғылым, шығармашылық пен өнер саласында аты шыққан көпбалалы 19 отбасы іріктелді. Өнегелі 4 отбасы жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлде теміржолшылар әулеті Әділовтер еншісіне тисе, 1 орынды қалада игі істерге араласып, қайырымдылықпен айналысып жүрген Аймағамбетовтер отбасы еншіледі.

Сыйлықтар ұсынды
Фото: Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі

Ал 2-орынды өрт сөндірушілер әулеті Сұлтановтар отбасы алса, 6 бала тәрбиелеп отырған өнегелі Ниязбековтер отбасы 3-орыннан көрінді. Жеңімпаздар тәрбиелік мәні зор ұлттық құндылықтарды насихаттаған байқау ұйымдастырушыларына алғыс білдірді.

«Отбасымыздың мерейін өсірген үлкен шара болды. Жақсылықтың жаршысындай. Біз теміржолшылар әулетіненбіз. Үлкен атамыз соғыс кезінде 15 жасынан бастап, поровоз машинисі болып, күре жолдың бойында қызмет етті. Әкем 43 жыл бойы жүк тасымалы пойызында машинист болды. Анам әлі күнге дейін теміржол саласында еңбек етеді. Ата жолын кәсіп еткен, теміржолдың темірдей тәртібіне бағынған ұрпақпыз. Өзім де, екі ағам да теміржолшы. Оны мақтан етеміз»,- дейді жеңімпаз әулеттің ұлы Дархан Әділов.
Әкім дәрігерді күнімен құттықтады
Фото: Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі

Алпыс жастан асқан Қонай ақсақал да байқау қатысушыларының бірі. Өнегелі өмірі кім-кімге де үлгі боларлықтай. Ұзақ жыл ішкі істер саласында еңбек еткен. Қазір екі баладан он немере сүйіп отыр.

«Жұбайыммен 41 жылдан бері бір шаңырақтың астында ұл-қызымызды тәрбиелеп отырмыз. Отбасының мерейлі болуы тәрбиеден екенін кезінде аталарымыз айтып кеткен. Қазір мұның бәрі рухани құндылық ретінде үлкен шараға айналып жатыр. Ең бірінші тәртіп болу керек. Тәртіп бар жерде құндылықтардың бәрі болады», - дейді байқау қатысушысы Қонай Аймағамбетов.
Әкім дәрігерді күнімен құттықтады
Фото: Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі

Шараға қатысушылар мен жеңімпаздарға құттықтау сөз арнаған қала басшысы Асхат Шахаров отбасы құндылықтары мен дәстүрін сақтап жүрген үлгілі отбасылардың аз емес екендігі айтты.

«Елбасының бастамасымен қолға алынған бұл байқау жарасымды жұптар мен береке-бірлік қонған отбасыларын насихаттауда маңызы зор. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың табысты болашағының кепілі. «Өнегелі отбасы – елдің тұтқасы» деген дана сөз бар. Ізгілікті, өнегелі, мерейлі отбасылар қашан да көпке үлгі болуы тиіс. Шаңырақтарыңыз шаттыққа, жүздеріңіз мейірімге толы болсын! Өнегелі отбасылардың үлгілі ұл-қыздары көп болсын», - деді қала әкімі Асхат Шахаров.
Әкім дәрігерді күнімен құттықтады
Фото: Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі

Қала басшысы ұлттық құндылықтар мен отбасылық тәрбие жұмыстарын насихаттаған үлгілі отбасыларға алғыс айтты. Ел ертеңі болар ұл мен қыздың тәрбиесіне көңіл бөліп, отбасы құндылықтарының маңызына тоқталды.

«Бүгінгі заман қаруы - білім. Ұл-қызымыз білімді болса, ел болашағы жарқын. Болашақ ұрпақтың бойына кішіпейілділікті дарыта білейік. Қыз баланы тәрбиелеу - ұлтты тәрбиелеу. Бұл байқаудың басты мақсаты осы отбасы құндылықтарын жоғары қоя білген шаңырақтарды өзгеге үлгі ету еді. Себебі құндылықтар тәрбиеден басталады», - деді қала әкімі.

Шара соңында «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздарына дипломдар мен LED телевизор, мұздатқыш, шаңсорғыш, электр пеші секілді бағалы сыйлықтар табысталады. Барлық қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен жігерлендірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1920341-aqtobe-qalasynyn-akimi-mereili-otbasy-baiqauynda-zeniske-zetken-otbasyny-quttyqtady/

pixel